Ұзынкөл ауылдық мешітіндегі құран жарысы

Шағбан айында Ұзынкөл ауылдық «Әс-салам» мешітімен және Жәнібек аудандық мешітінің және Ұзынкөл ауылдық әкімдігінің ұйымдастыруымен жамағат арасында Құран Кәрімнен сүрелерді жатқа айту байқауы оздырылды.

Байқауда аудан орталығынан , Ұзынкөл,Тау, Ақоба ауыл мешіттерінен шәкірттер қатысып бақ сынасты.
Шәкірттердің діни сауатын саралап,қазылық еткен аудандық мұсылмандар мешітінің Бас имамы Есенболат қажы Абдугалиев, теолог Ринат Кенжегалиев , Казталовка аудандық мешітінің бас имамы Жандос Құсайынов шәкірттердің Құранды ережесімен, қатесіз оқуына және жаттау қаблеттеріне мән берді.
Байқауға
Ұзынкөл ауылы Өмірбек Құсайенов ,Зәкария Омар, Біржан Мұхтароа Тау ауылы Ислам Ақоба ауылы Мирлан Меңдібаев,
Жәнібек ауданы Сұлтанияр Гумаров,
Дархан, Матаев Бауыржан ,
Талғатов Дархан барлығы. 8 -адам қатысты нәтижесінде , І- орынды Гумаров Сұлтанияр , ІІ- орынды Зәкария Омар ІІІ-орынды Мұхтаров Біржан иеленді. Жүлделі орын иеленген шәкірттерге сыйлықтар және Ұзынкөл ауылдық мешіті атынан ақшалай сыйлық берілді.
Аудандық мұсылмандар мешітінің Бас имамы Е.Абдугалиев пен Казталовка ауданы мешітінің Бас имамы Ж.Құсайеновке Ұзынкөл ауылы әкімі атынан Алғыс хат берілді.
Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі