БАС МҮФТИ МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін елордадағы Республикалық бас мешітте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесті.

Кездесуде Дархан Қуандықұлы халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, имамдардың білімін жетілдіру, жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, жастар арасында мәдени құндылықтарды насихаттау, қазақтың тарихи тұлғалары мен олардың өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа үлгі ету сынды мәселелерге назар аударды. 

Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың ел игілігі жолында атқарып жатқан жұмыстары мен діни ағарту, уағыз-насихат, қоғамға ұлттық құндылықтарды кеңінен дәріптеу бағыты бойынша қолға алған жоспары мен жобалары жайлы баяндады. Сонымен қатар министрді алда өтетін республикалық имамдар форумы туралы хабардар етті. 

Басқосу соңында тараптар ел игілігі мен болашағы жолында ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

2 Comments on “БАС МҮФТИ МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған