Миғраж түні құрметіне жамағатқа дастархан жайылды
Қасиетті Миғраж түнінің құрметіне Мұхаммед Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің жамағаттарына арнайы ұйымдастыруымен дастархан жайылды.
Аталмыш мешіттің бас имамы Қажымұқан Ғилманов сөз алып, облысымызға жаңадан тағайындалған бас имамымыз Самат Әлібаевты таныстырды.
Самат Қанатқалиұлы барша жамағаттарды «Миғраж» түнімен құттықтап, дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық ықыласын жеткізіп, қасиетті түннің қасиеттеріне тоқталды.
Жамағат арасында діни сұрақтар қойылып, рухани шараны қыздыра түсті. Жамағаттар білімді екенін дәлелдеп, рухани кемелдене түсті. Жеңімпаздарға БҚО бойынша бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы Құран кітабы сондай-ақ, қосымша діни кітаптарды табыс етті.
Миғраж түнінің қасиеті жайлы, ол түні болған оқиға туралы айтылып, араб тілінен қазақшаға хадистер аударылған Орал орталық мешітінің ұстазы Талғат Есқалиев кеңінен жеткізді.
Миғраж түнінің алар орны ерекше. Алла Тағаламен кездесу құрметіне ие болған Мұхаммед пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтылды.
Мешіт жамағаты жиналып нәпіл намаздар оқып, артынан дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі