ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Әлібаевтың бастамасымен, кәсіпкер азаматтардың қолдауымен мешітінің ішкі жақтағы дәріс бөлмелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әсіресе сыртқы төбе жарының жақтауларына, баспалдақтарына мешіттің басқа да бөліктері жөнделуде.
Орал орталық мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлының айтуынша «Мешіттің кілемдерін жаңартып, жамағаттың көңілдері жадырап, құран оқуға, құлшылық жасауға мақсатында мешітте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмыс сапасы жіті бақылануда» деп атап өтті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі