Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №8 кітапхана-филиалы салтымыз бен дәстүрлі дінімізді ұштастыра отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету мақсатында «Имандылықтың тамыры – дін мен дәстүр» аты пікір алмасу кешін өткізді.
Шараға Орал қаласының қалалық мешіттің наиб имамы, теолог Убаев Наурыз Ибатұлы мен Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының оқушылары қатынасты.
Оқушылар дін мен дәстүрдің тығыз байланысы туралы «Дін мен дәстүр», Қ.Бағашардың «Ислам және өнеге» атты кітабынан «Сәлем сөздің анасы», «Таза болсаң, судай бол!», «Жаман әдет жақсы ат әпермейді!» , «Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет», «Ақылың болса, арыңды сақта!» атты тақырыптар бойынша кеш қонағымен пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.
Дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды. «Дін мен дәстүр» кітап көрмесіне шолу жасалды. Баспасөз қызметі