Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына жасаған жұмыс сапары кезінде қасиетті Мәдина қаласындағы Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітіндегі «рауда шарифада» (жәннат бақшасы) еліміздің игілігі мен бірлігі үшін арнайы дұға жасады.
«Уа, Алла Тағала! Халқымызға амандық, жерімізге тыныштық нәсіп ет. Тәуелсіздігімізді қияметке дейін өзің сақтай гөр. Жұртымыздың ризық-несібесін арттырып, әлем халқына тыныштық пен тұрақтылықты нәсіп ет» деп дұға етті Бас мүфти.