Мешітте 20 отбасына қайырымдылық көмек берілді

Мешітте 20 отбасына қайырымдылық көмек берілді

Бүгін Орал орталық мешітінің бастамасымен, атымтай жомарт азаматтардың қолдауымен 20 отбасына азық-түлік себеттері мен 20 000 теңге қаржылай табысталды.

Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, жиналған қауымға «Жомарттық» жайында уағыз айтып, сіздерге де осындай жомарт жасай алатындай дәрежеге жетсін, деп ақтілегін білдірді.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуға әркез дайын кәсіпкер азаматтар бұл жолы да жомарттық танытып, атсалысты.
Ай сайын қала, аудан тұрғындарына қуаныш сыйлап келе жатқан кәсіпкер азаматтар ылғи да сауабы мол шараның басы-қасында жүреді. Көмек алған отбасылар әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін мешіт ұжымына мен демеуші азаматтарға алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

111
Мешітте 20 отбасына қайырымдылық көмек берілді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған