Балалар қуанған күн

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Батыс Қазақстан бойынша өкілдігі «Ар-Рахман мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет атынан «Көшім» балалар үйінде әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер төгіліп, балаларға арналған көлеңке шатыры жасалып, сыйға берді.
Қайырымдылық іс-шараға арнайы ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан бойынша бас имамы Самат қажы Әлібаев арнайы қатысып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің сәлемін жеткізіп, «Көшім» балалар үйінің ұжымы мен шәкірттерін балаларды қорғау күнімен құттықтап, дұға жасап, береке тіледі.

Жиын соңында «Көшім» балалар үйі шәкірттері жаны жадырап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Баспасөз қызметі