ЗИРАТ ҚОРШАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қанат Нығметов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев пен мүшесі Ерсайын Құбашев, аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Әбдуғалиев пен Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев ауыл зиратына барды. Құран бағыштау ниетінде жиналған олар аулдық бюджет есебінен қаражат бөлініп, «Батыс Құрылыс» ЖШС салған қоршауды көрді. Ақсақалдар қауымы игі істің жүзеге асқанына ризашылығын білдірді. Сол бойда Есенболат қажы бірқатар мәселерді айтты. Тұрғындардың құбылаға назар аудармай, оңды-солды жерлейтініне ашынды. Осы орайда елдің басын қосып, жиын өткізу туралы ойын да ортаға салды.

«ШҰҒЫЛА» – АҚПАРАТ