Бүгін Орал қаласындағы «Ар-Рахман» мешітіне республикаға аты танымал дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия- мектеп-интернатының 11 «а», «ә» сынып жетекшілері мен оқушылары арнайы келді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы Нұрлан Қабыкешов жылы жүзбен күтіп алып, мешіттің үлкен залында, БАҚ саласындағы еңбегімен бөлісіп, асыл дініміздің құндылықтарын айтып, кешегі қазақ халқынан шыққан даналардың барлығы да медресесіде білім алып, елге танымал болған алаш азаматтары жайында сөз қозғады.
Одан кейін «Ар-Рахман» наиб имамы Наурыз Убаев сөз алып, «Білім, ұстаз, ата-ана» жайында уағыз- насихат айтты.
Міне бізді әлпешпет, аялап өсірген ата-анамыздың борышын өтедік пе? Ата-анамыз бізді ұлым жақсы білім алсын деп, ертеңгі күні сол мамандық адал иесі болсын,-деп ата-анамыз Алладан тілек тілейді. Сондықтан да жат ағымдардың көшіне ермеу үшін, екі дүниенің білімін алу, баршамыздың міндетіміз,деді облыстық мешітінің наиб имамы Наурыз Ибатұлы.
Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтары қойып, жауаптар алынды.
Кездесу соңында наиб имам Наурыз Убаев қасиетті құран-кәрімді оқып, дұға жасады.
Осындай игілік іс барша мектеп ұстаздары мен оқушылар арасында жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар,- еді.
Нұрлан Саматұлы