Орал қаласындағы Ар-Рахман мешітінде бірнеше аптадан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бас имам Самат Алибаевтың бастамасымен игі іске жергілікті билік пен мешітке жанашыр кәсіпкер азаматтар қолдау білдіруде.
2005 жылы пайдалануға берілген Орал орталық мешіті жиырма жылға жуық қала тұрғындары мен қонақтарының құрметпен бас сұғып тұратын киелі ордасы, сүйікті құлшылық үйі ретінде қызмет көрсетіп келеді.
Ал бүгінде мешіт қабырғалары сырланып, баспалдақтарын жаңадан салып, төбе қырыларын жаңартылуда.
Сонымен қатар, мешіт ауласында ағаштар мен гүлдер отырғызылды.
Имам Мүслім (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шынында, Алла Тағала көркем, әрі көркемдікті жақсы көреді…», – дегеніндей, мешіт пен мешіт ауласының таза әрі көрікті болуы дініміздің талабы мен әрбір адамның көңіл қалауы.
Баспасөз қызметі