АТЫРАУДА ҚАРИЛАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП ЖАТЫР

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы оқу бітіріп келген жас мамандар – қариларды қабылдады.

Асланбек Майбасов пен Темірлан Байзақов Түркияның Стамбул қаласынан білім алып келген.

Қариларды қабылдаған Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысында жоғары білімді діни кадрлар мәселесі өткір тұрғанын айтты.

«Атырау – қазақылық қаймағы бұзылмаған киелі өлке. Осы ретте, Атырау халқына рухани ағарту жолында еңбек ететін сапалы мамандар керек ақ. Жоғары білім алып, Атырауда қызмет етуге келіп жатқандарыңызға алғыс білдіремін.

Әбу Умама  риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді», – деп басқа пайғамбарларға берілмеген шапағатты Құран иеленетінін білдірген. Сондықтан, қайырлы амалдарыңыз сауаптан жазсын» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.