БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ СЫР ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында
жергілікті жамағатпен кездесті.
Нақтырақ айтар болсақ, Батыржан Берденұлы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде құптан
намазының алдында «Жүрек дерттері» тақырыбында насихат айтып, жиылған жамағатпен сұқбаттасса,
жұма күні қалалық орталық «Нұр» мешітінде «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі» тақырыбында жұма уағызын
жүргізді.
Айта кетейік, алдыңғы аптада аймағымызда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының
және діни басқарма бөлім басшылары мен профессор-ғалымдардың қатысуымен республикалық
деңгейдегі айтулы шаралар өткен болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі