РАНТ МҮШЕСІ ҚОСТАНАЙДА

Жақында Республикалық ақпараттық–насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Нұралы Бақытұлы өңірімізде уағыз-насихат айтуға шақырылды.

Алғашқы уағыз Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінде жамағатпен өткізді. Мұнда ақшам намазынан соң «Білім алу – әр мұсылманға міндет» тақырыбын қозғап, білімнің өмірімізде алатын орны жайлы мазмұны терең насихат айтты. Жиналған қауым оның тағылымы мол ой-толғанысын ұйып тыңдап, таным көкжиектерін кеңейтті.

Келесі насихат 4 мамырда «Жайлаубай ата» мешітінде ақшам намазынан соң болады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі