Үндістан мүфтиі Шейх Абу Бакр Ахмад Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айтпен құттықтап, хат жолдады.
«Ораза айт – рухани мәні тереңде жатқан мереке. Ол – адамдардың ұлтына, нәсіліне, дүние байлығының бар-жоғына қарамастан атап өтетін мейрамы. Мұны оразадан кейін жан-дүниесі мен тәні тазаланған адам баласына жасалған сый деуге болады. Осы айрықша мейрамда Сізге Алланың нұры жаусын!» делінген құттықтауда.