Қариға құрмет көрсетілді

Қасиетті қадір түнінде, Жалпақтал мешітінде бір ай бойы Құран хатым түсірген қариға құрмет көрсетіліп, шапан жауып орамалын берді. Сол түні мешіт жамағаты арасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмір жолдарынан, фиһықтан және ислам тарихынан сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген адамдарға сыйлықтар табыс етілді. Жалпақтал еліне келген қариымыз разы болып кетті. Алла баршамызға разы болғай!
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ