АЛТЫНБЕК ҰТЫСХАНҰЛЫ «ИМАМ САҒАТЫ» ЖОБАСЫНДА ЖАМАҒАТ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Имам сағаты» жобасында менің алғашқы оразам тақырыбында жамағаттың сауалдарына жауап берді.

«Ораза – ұлы құлшылық. Оның сауабын Алла «өзім беремін» деген. Оразада нәпсіңіз тежеліп, рухани жан дүниеңізбен қатар, тәни пайдаларға да қол жеткізесіз, денсаулығыңыз түзеледі. Бұл шариғи ғана емес, медициналық тұрғыдан да дәлелденген. Оразада өзіндік әдептерді сақтаған жөн» деген Бас имам оразаның шарттарына тоқталды.

Сондай-ақ, Рамазан айының өзіндік құндылықтары айтылып, жамағат сауалдарына жауап берді.