Жыл сайын үрдіске айналған дүние дін саласы өкілдерінің аудан, ауыл тұрғындарын аралап, бұқара халыққа асыл дініміз исламның құндылықтарын насихаттау жұмыстары. Биылғы жылы да дін саласы бойынша аудандық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері «Ізгілік» деструктивтік діни ағымдардардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Әлібекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин және аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Әділжан Төлебайұлы арнайы Сулыкөл елді мекеніндегі тұрғындармен жүздесіп, Рамазан айының құндылықтары, теріс діни ағымдардан сақтану, Рамазан айы қарсаныңда қайырымдылық ізгі шараларды көптеп ұйымдастыру сынды келелі мәселелерді баяндады. Жиын соныңда Құран оқылып, елдің амандығы үшін дұға жасалынды.
Қаратөбе аудандық мешітінің баспасөз қызметі