ШЫМКЕНТ: КІТАПХАНА «MUFTIYAT» КІТАПТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазанда мешітке кітап сыйла» акциясы аясында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау, таныстыру, үлестіру шарасы Шымкент қаласы орталық мешітінде өткізілді.

Алғаш рет қолға алынған рухани бағыттағы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» мекемесінің бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев және Жастар ісі секторы мамандары мен аудандық мешіттің имамдары қатысты.

«Шаһардағы 91 мешіт жанынан ашылған «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышы «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Толық адам», «Әке мектебі», «Ислам әдептерінің энциклопедиясы», «Мазһабтар тарихы», «Жәннатпен сүйіншілеген он сахаба», «Иман негіздері», «Рамазанға қатысты 200 сұрақ», «Ғибадат Тұтқасы Мұхтасар әл-Құдури», «Шариат в таблицах» сынды 22 әртүрлі құнды кітаптармен толықты» деді салаға жауапты М.Естеміров. 

Айта кетсек, бүгінгі таңда ҚМДБ жанынан «Muftiyat» баспасы арқылы аз уақыт ішінде  дін мен дәстүр, тарих, сенім негіздері тағы басқа 50-ден астам әртүрлі тақырыптарды арқау еткен кітаптар жарық көрді.