«Халал Даму» стандарттау және сертификаттау бөлімінің Рамазан жопарында берілген тапсырмасына сай Орал облыстық орталық мешітте жергілікті өкіл Асхат Асылбеков ауызашар дастарханын тексерді.
«Қасиетті айда ауызашар ұйымдастыратын қала мешіттерінде азық-түліктің, ас-судың халал стандартына талаптарына сәйкес болуы, мамандар тарапынан тексерілген өнімдердің қолданылып, ұсынылуы тексерілді. Санитарлық талаптардың орындалуы да жіті қадағаланды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді», – деп хабарлайды Асхат Асылбеков.