АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТІ 230 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН» ҮЛЕСТІРДІ

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өткізіліп тұратын дәстүрлі шаралардың бірі – «Рамазан қоржыны» республикалық акциясына Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде жалғасын тапты.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған 230 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.