«30 КҮНДЕ 30 БАСПАНА»: ҰСТАЗДАРҒА ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕР БЕРІЛДІ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен «30 күнде 30 баспана» республикалық акциясының үшінші баспанасы Арал қаласында табысталды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі бастаманың кезекті шарасында «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиұлы республика бойынша 633-үйдің кілтін Арал аудандық орталық мешітіне табыстап, мешіт жанындағы медресенің еншісіне қызметтік пәтер ретінде сыйлады. Яғни, бұл үй шәкірт тәрбиелеп, болашақ қариларды Құран жаттауға баулитын ұстаздарға арналған.

Айта кетейік, берекелі айдағы «30 күнде 30 баспана» акциясы «Ел үлесі –  пәтерге» республикалық жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде өткізілуде.