Қасиетті Рамазан айында Орал орталық мешітінде жамағатқа дін жанашырлары күніне 250-300 адамға ауызашар беруде.
Осы игілікті шара барысында Орал орталық мешітінің бас имамы Самат Алибаев жамағатты Ұлық аймен құттықтап, Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, уағыз-насихат айтты.
«Қасиетті Рамазан айында барша мұсылман баласы ауыз бекітіп, ауызашар беріп сауапқа кенелетін ерекше мерзім екені баршаға аян. Рамазан айында аузын бекіткен бауырларымызға ауызашар беру – сауапты іс. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып, тамақ берген адам ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да ешнәрсе кемімейді», – деген. Рамазан жомартық айы болғандықтан, дәулетті жандардың осы айда мұқтаждар мен тұрмысы нашар кісілерге ауыз аштыруы – үлкен сауап. Алла сауаптан жазсын!» деді бас имам.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі