МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІ ДИПЛОМ АЛДЫ

«Орал» медресе колледжінен түлеп шыққан шәкірттерге диплом табыстау рәсімі өтті.

  Салтанатты шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы, Орал медресе-колледжінің директоры Бақытжан Құралбайұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Рахманов, медресесінің ұстаздары, облыстық орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев, Орал қалалық Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилманов пен наиб имамы Серік Мұстафин қатысты.

Салтанатты рәсімде  Орал медресе директоры Бақытжан Құралбайұлы білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, жақсы маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі. Құрметті түлектер, сіздерді елімізге, дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Болашақ имамдарға ізгі тілегін білдіріп, үш жылда жинаған білімді өзгелерге жеткізуде табанды болуларын талап етеміз»,-деді.

Медресе шәкіттері білім берген ұстаздарына шексіз алғысын айтып, медресе ұстазы Бақытжан Сағидуллаұлына ұмра қажылық сапарына жолдама берсе, ал Орал медресе-колледжінің  директоры Бақытжан Құралбайұлы  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Жұмаұлы мен медресе тәрбиешісі Мақсот Төлепбергеновке де ұмра қажылық жолдамасын сыйлады.

Шарада әсем әндер айтылып, ақтілектер айтылды. Шәкірттер білім ордасына кеңсе заттарын, үстел мен бөлмеге арналған екі орындықтарын табыс етті.

Айта кетейік, биыл медресе колледжімізді 14 түлек тәмамдап отыр. Төрт шәкірт үздіктер қатарында. Ал, 11 шәкірт ҚМДБ-ның бұйрығымен имам қызметін атқарса, екі шәкірт Түркия елінде білімін жалғастырады. Бір шәкірт басқа салада еңбек жолын бастайды.

Түлектерге ақжол тілеп, болашақтары жарқын болсын!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған