Медресе түлектері емтихан тапсырды

Орал медресе колледжі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті.

Емтиханды комиссия төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков және комиссия мүшелері Ақтөбе медресе колледжінің арнайы пән оқытушысы Бекжан Ильясов, Орал медресе колледж директоры Бақытжан Сабралиев пен ұстаз Асылбек Наурызов қабылдады.

Сөз кезегінде комиссия төрағасы Смайыл Сейтбеков ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші тілектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Шәкірттер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімін ортаға салып, сынақты ойдағыдай тапсырып шықты. Айта кетейік, биыл медресе колледжімізді 14 түлек тәмамдап отыр. Төрт шәкірт үздіктер қатарында. Ал, 11 шәкірт ҚМДБ-ның бұйрығымен имам қызметін атқарса, екі шәкірт Түркия елінде білімін жалғастырады. Бір шәкірт басқа салада еңбек жолын бастайды.

Түлектерге ақжол тілеп, болашақтары жарқын болсын!

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған