Ақжайық имамдары Маңғыстау елінде

Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Ақжайық өңірінің имамдары «Дархан дала» жобасын насихаттау мақсатында киелі Маңғыстау еліңе арнайы барды.

Рухани саяхатқа БҚО өкілдігінің мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы мен облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Мейрамбек Абдрахманов, Самат Алибаев, Ерденбек Ихсанов,   Орал орталық мешітінің жанындағы «Ақсақалдар» алқасының мүшелері Нәдір Абдукаев, Ғұмар Құрақов, Амангелді Абдрахманов, Қади Бисенов, Ерғали Сүлейменов, Бектұрсын, Мүсілім аталарымыз атысты.

Имамдар Маңғыстаудағы «Шолпан ата», «Бекет ата» мазарына  зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған