Тасқалаға қари келді

Қасиетті рамазан айының келуіне байланысты барлық мешіттерде құран-хатым түсіріледі. Яғни құранды толық білетін қарилар тарауих намазында күн сайын құранның бірнеше парасын оқып, ораза біткенше отыз параны толық аяқтайды. Шариғатта құран оқылған жерге көп уақытқа дейін жамандық жоламайды, тіпті қасиетті құран оқылған кезде періштелер де жерге түсіп, тыңдайды делінеді.

Ұлық айда,  жамағатқа құран-хатымды оқу үшін Алғашқы рет Тасқала аудандық  мешітіне Шымкент қаласының тумасы, Ықылас қарилар орталығының шәкірті Әділхан Қанат қари  Болатұлы  шақырылып отыр. Құранды басынан аяғына дейін жатқа білетін Әділхан Қанат қари  Болатұлы  Тасқалалықтар үшін тарауих намазына қатысып, көпшілікті құран нәрімен сусындатпақ.

        Қанат қари құранды жатқа білетін діни сауатты жан. Тасқала ауданына келуіне аса қуаныштымыз! Рамазан айының қадір-қасиетін арттыратын тарауих намазының  осындай қарилардың қатысуымен өтуі нұр үстіне нұр болып отыр,-дейді Тасқала аудандық  мешітінің бас имамы Құлтөре Сақийұлы.  

Тасқала аудандық мешітінің баспасөзқызметі

2 Comments on “Тасқалаға қари келді”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған