ЖОМАРТ АДАМ АЛЛАҒА ЖАҚЫН

Жалпақтал   ауылының тұрғыны кәсіпкер  «Бекмұрза» шаруа қожалығының  жетекшісі  Жанар Әбілхайырова әр  ЖҰМА  күні   35- отбасына  тегін  нан  таратады.

Алла разы болсын дейміз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»  демекші, қандай қайырымды іс  жасасаң  да барлығы өзің үшін. Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында  не жасасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде  оның орнын  толтырады» – деп бұйырады.

Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрнісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қандай жағдай болмасын, мұсылман баласы өзінің рухани құндылығын сақтап, қысылтаяң жағдайда еш өзгерместен, белгілі мақсатты көздемей халыққа қол ұшын созуы қажет.

ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған