Жастармен кездесті

Қасиетті Құранда Алла Тағала «Сендерге берген ризық-несібелеріміздің адалынан жеңдер» («Бақара» сүресі, 172-аят),- деген.  Дастархан басындағы жиын береке, ырыс, бақыт пен шаттыққа толы келеді дейді қонақжай халқымыз.

Елбасының 2019 жылды “Жастар жылы” деп жариялауына орай Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінде «Иманды жас-ел болашағы» атты тақырыбы аясында кездесу болды.

Кездесуде Орал орталық мешітінің наиб имамдары Самат Алибаев пен Ерденбек  Исханов ақтілегін айтып, «Иманды жас-ел болашағы» жайында уағыз айтып, білімді болуға шақырды.

“Ас – адамның арқауы” демекші, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің жастары  дастархан басында жиылып, имамдар көркем уағыз айтатын кездесулер дәстүрге айналғаны көпке белгілі. Осындай игі шара Тәжіден Батырұлы атындағы мешітте жалғасын табуда.

Ал, жастарға оқуда озат, еңбекте табысты болыңдар,-деп дұға жасады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған