Жас имамға баспана берілді

Қасиетті құрбан айт мерекесінде діни басқарманың 30 жылдығы орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған республикалық «Ел үлесі-пәтерге» акциясының аясында Ақжайық төрінде Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің наиб имамы Ерболат Сексенбаевқа баспана берілді.
Облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев арнайы барып, Асан ауылдық мешітінің наиб имамы Ерболат Жанболатұлына Орал қаласынан бір бөлмелі үйдің кілтін табыстады.
Ерболат имам Жаңақала ауданының тумасы, Астана медресесінің түлегі, екі баланың әкесі. Асан ауылдық мешітінің мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатовта ақтілегін арнап, ақжарма тілегін арнап, жас имамның пәтерлі болуына жанашырлық танытқан жан.
Ұлық күнде Біз жас имамға: «Қоныс құтты болсын!», — дейміз.


ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған