Жамағатқа рухани дастархан жайылды

Мәуліт мерекесіне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен  облыстық «Зекет» қорының өкілі, наиб имам Самат Алибаевтың қолдауымен Орал орталық мешітінде құптан намазынан кейін  жамағатқа ақдастархан жайылды.

Алдымен бас имам  Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы  Тағанұлы хазіреттің ыстық сәлемін жеткізіп,  жиналғанды  ұлық аймен құтттықтады.

Одан кейін Орал   орталық мешітінің наиб имамы Ғабит Жұмаханұлы «Мәуліт» мерекесі жайында  уағызды жиылған қауымға кеңінен жеткізіп, ардақты пайғамбарымыздың  Мұхаммед (с.ғ.с) өмірі мен өнегесінен ғибратты  әңгімелер айтылып, жиналғандарды ауыз  дәм татуға шақырды.

Дастархан басында салихалы әңгімелер айтылып,  «Орал облыстық  орталық» мешіті жамағаттың бірлікке ұйытып, ізгілікке шақыратын осындай мәнді, мағыналы кездесулерді ұдайы өткізіп келеді.

Рухани дастархан басында мешіттің ұстазы Ерген Құмаровқа, наиб имамдар Ғабит Жұмаханұлы мен Самат Қанатқалиұлына, демеушілік жасаған кәсіпкер ағаларымызға Алла разы болып, мәуліттен-мәулітке аман-есен жеткезейік!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған