ЖАҚСЫҒА ҚЫЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ, ӨМІРІҢДЕ ТОЗБАЙДЫ

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мұқтаж жандарға қол созуды, мүмкіндігінше баспаналы болуға жәрдем беруді мұрат тұтқан «Харекет» қайырымдылық қорының құрылғанына 2 жыл толуына орай шағын футболдан аудандық турнир өтті. Жарысқа Талов, Борсы, Қамысты ауылдық округінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, Батыс Қазақстан облысы «Харекет» қайырымдылық қорының директорының орынбасары Нұрсұлтан Қабаев сөз сөйледі.

«Харекет» қайырымдылық қоры 2017 жылы құрылған болатын.Содан бері халықтың демеуімен мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы, жалғызбасты аналарға үй немесе жер телімін сатып алып беруде.

Жарыстың қорытындысы нәтижесінде I, II, III орындарды сәйкесінше Қамысты, Талов, Борсы ауылдық округтерінің командалары марапатталды. Жарысқа қатысу жарнасынан жиналған қаражат қайырымдылық қордың есепшотына аударылды.

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған