Жаңақалада асхананың іргетасы қаланды

      Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтановтың бастамасымен, иманды азаматтар Айболат Бөкенов пен Руслан Оразғалиевтің қолдауымен Алланың үйінің жанынан 250 адамға арналған жаңа халал асхананың ірге тасы мен  қабырғалары қаланды.

Осыған орай, жақында ауданның бас  имамы Ерік Қонақбайұлы бастаған мешіт жамағаттарына асхананың іргетасы мен қабырғасын қалау рәсімін өткізді. Алдымен құрбан шалынып, дұға жасалып,  бата берді. Жиналғандарға салынғалы жатқан жаңа асхананың жобасымен таныстырды.

Дін жанашырлары мен  қаржылай көмек қолын созған жомарт жандарға Алла разы болып, сауаттан жазсын!

Облыстық «Ақжайық» телеарнасына Бас имам Ерік Қонақбайұлы «Асхананың құрылысы» жайында сұхбат берді.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған