Жәнібек ауданында мәуліт кеші тойланды

Жақында  Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің жанындағы сауат ашу орталығында аудандық мешіттің ұйымдастыруымен  Мәуліт мейрамына арналған дастархан жайылып, мәуліт кешіне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уалиев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Біржан Қуаналиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова қатысты.

Аталған меймандар жамағатты мәуліт айымен құттықтады. Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев уағыз насихат айтылып,қатысушы жамағатқа Пайғамбардың өмірбаянынан сыр шертіп, өнегелі өмірін баяндады.

Жиналғандарға викториналық сұрақтар қойылып жауап бергендерге сыйлықтар берілді.

 Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған