Жұмадағы жақсылық

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Бөрлі ауданы мұсылмандар мешіті мен «Парасат» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып «Қайрымдылық – қадірлі іс» атты тегін такси акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты мереке қарсаңында аудан тұрғындарына есте қаларлықтай қуаныш сыйлай отыра, жақсылыққа үндеу. Сапырылысқан уақыт жоқ тіршілікте адамдар арасында жанашырлықты қылыптастырып, қайрымдылықты насихаттау болды. Акцияның негізінде «Ақсай-Орал» қалаларының арасында  қатынайтын автобустың тұтынушыларына бір бағытта бір рет тегін жетуге мүмкіндік алды. Мұндай жақсы мүмкіндікке 22 жолаушы ие болды.

-Акция бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Тұрғындар өте жақсы қабылдады. Бәрімізге де белгілі қаражат қай уақытта да жеткіліксіз болып жатады. Халықтың қаражатын үнемдеуге сәл болса да үлес қосқымыз келді. Ақция арқылы күндердің сұлтаны болған жұмада жақсылықты жаршы етуге тырыстық. Тәуелсіздік мерекесімен барша Ақсайлықтарды құттықтай отырып, айналамызға нұр шашып, жақсылық жасап жүруге шақырамын дейді, – «Парасат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Шақаев.

Тегін такси акциясы халықтың ризашылығын алған өте керемет әрі, игі бастама болды. Жұмадағы жақсылық мұнымен шектелмей, «Кең болсаң – кем болмайсың» атты қайырымдылық шарасымен өз жалғасы тапты. Шара барысында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік берілді. Қажетті азық-түліктерді жүрегінде мейірімі бар, айналасына шапағын шаша жүретін демеушілер алып бергенін атап кеткен жөн. Қайырымдылық шарасының аясында көмек алған жанұялар да алғысын жаудырып жатты.

Қасиетті жұма күні мешіттің табылдырғын аттаған жамағатқа Тәжиден Батырұлы мешітінің Бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлы “Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый” тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Жұма намазынан соң мәуліт xұтпасы оқылып, жамағатпен дұға жасалды.

 Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған