Зеленов ауданындағы спорттық шара

Мәуліт мерекесі орай Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаровтың бастамасымен Зеленов аудандық мешітінің қолдауымен аудан жамағаттар арасында  шағын футболдан ашық турнирі өтті.

Алдымен аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы келген қауымды «Мәуліт айымен» құттықтап,  жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан кейін Зеленов аудандық мешітінің бас имамы Әзілхан Бисенғалиев жамағатқа негізгі мақсатымыз  бірлігімізді нығайтып, жамағат арасында ауызбіршілігімізді арттырып, татулықта бақытты өмір сүру керекпіз,- деді.

Турнир өте тартымды өтіп,  1-ші орынды Сырым ауданы, 2-ші орынды  Бөрлі ауданы, 3-ші  Зеленов ауданының жамағаттары иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

 Зеленоа аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған