“Уақып” қайырымдылық қорының президенті Ақжайықта

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы  Еркебұлан Қарақұлов  “Уақып” қайырымдылық қорының президенті Қайрат Әзімовпен кездесті.
Қайрат Мұратұлы Орал орталық мешітіне арнайы келіп, өкіл имам жылы шыраймен қарсы алып, Ақжайық өңіріндегі  атқарылып жатқан діни ахуалды баяндап, Ақжайық өңірінен тоғыз дін қызметкерінің “Уақып” қайырымдылық қоры есебінен арнайы стипендия алып жатқанын жеткізіп, ел игілі мен бірлігі үшін атқарар жұмыстардың аса жауапкершілікпен атқарылатын сауапты да жауапты екендігін  айтып, қонақтарға сәттілік пен береке тіледі.

Өз кезегінде сөз алған Қайрат Әзімов еш жерден жалақы алмайтын дін қызметкерлерге әлеуметтік мәселесін шешуге, асыл дініміздің жандануына, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосатындығын жеткізді.

 ҚМДБ-ның БҚО баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған