Теректі ауданындағы спорттық шара

Елбасының 2019 жылды “Жастар жылы” деп жариялауына орай
Теректі аудандық мешітінің бастауымен «Фурқон» қайырымдылық қорының қолдауымен шағын футболдан жарыс өтті.

Алдымен Теректі  аудандық мешітінің бас имамы Еркінбек Ебелекқажиев жылы лебізін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа қала, аудан, ауыл жастарынан  31 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша  Бөрлі аудандық  мешіті бірінші орынды иеленсе, екінші орынды «Тәжіден” батыр атындағы Орал қалалық мешіті, үшінші орынды Подстепное мектебінің ұстаздары  алды.

Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар берілді

   ҚМДБ-ның БҚО баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған