Тазалық-иманнан

Жақында «Орал» орталық мешітінің ұйымдастыруымен кезекті сенбілік өтті. «Тазалық – иманнан» деген xадисті ескере отырып, сенбілік тазалыққа мешіт қызметкерлері мен жамағаты ат салысты. Қай-қайсысы да мұндай іс-шараларға белсене қатысуға әзір екендіктерін айтты. Күнді текке өткізбей, мешіт алаңының тазалығына кішкентай болса да үлес қосқандарына риза болды. Іс-шара мешіттің маңын тазалыққа келтіріп, ағаш көшеттер отырғызу мақсатында жүргізілді. Сенбілік кезінде аулалар және іргелес аумақтар тазаланды.
Алдағы уақытта бұл шара жалғасын таппақ.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған