«Орал медресесі» 2018-2019 жаңа оқу жылына ШАҚЫРАДЫ!

Талапкер – 2018

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің «Орал медресесі» жеке мекемесі

2018-2019 жаңа оқу жылына талапкерлерді оқуға

ШАҚЫРАДЫ!

Орал медресесі 2008 жылы негізі қаланды. ҚР БҚО Әділет департаментіне 2012 жылдың 25-ші қазанында қайта тіркелді. Куәлік № 557-1926-01-М-е, электрондық жаңа мемлекеттік лицензия №013003435 2013 жылдың 5-ші наурызында берілген.

Сабақ қазақ және араб тілдерінде жүргізіліп, медресемізді үздік дипломмен тәмамдаған студенттерге Нұр-Мүбарак университетінде тегін оқу мүмкіндігі бар, оқу ақысыз, 2 жыл 10 ай, Шәкірттер жатақханамен және үш мезгіл тегін ас-сумен қамтамасыз етіледі.

Мамандық: 0112000 «Исламтану»

Біліктілік: 0112013 «Имам хатиб»

Құжаттар тізімі:

  • Ұсыныс;
  • Өтініш;
  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • Өмірбаян;
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
  • 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
  • Фото 3х4 (6 дана);
  • Скоросшиватель, конверт;

Сондай-ақ, наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

Қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 1-ші маусымынан 10-шы тамызына дейін құжаттар қабылданады.

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22 үй.

(Базар аялдамасындағы Тәжиден Батырұлы мешіті) Тел/факс: 8 (7112) 504002

Ұялы тел: 8 702 795 09 27;

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған