Табиғат аясындағы спорттық шара (Фото)

Жақында «Тәжиден Батырұлы» мешітінің ұйытқы  болуымен мешіт қызметкерлері мен жамағаттары «Табиғат»   аясына шығып,  спорттық шарадан жарыс  болып өтті.

Бұл шараға мешіт қызметкерлері мен жамағаттары қатысты. Спорттық  жарыста күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс, футбол ойындарынан жарыс  өткізілді.

Алдымен шара теңбілдоп ойынымен басталды. Командалар да бір-біріне дес бермеді. Жарыста қыза түсіп балуандар сайысы да тартымды өткізілді. Балуандар бір-бірімен белдескен кезде, амал-тәсілдерімен ерекше көзге түскен, жалынды жастардың белін қайыстырған жастар жетерлік.

Жиылған жамағатқа ақ дастархан жайып, «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас  имамы  Мейрамбек Абдрахманов сөз алып, «Бірлік, ынтымақ» жайында уағыз айтып,  ауызбіршілікке шақырды.

Дастархан басында  қалалық мешітінің найб имамдары Әсет Романқұлов пен Ерген Құмаров уағыздар айтып, жиналғандар қауымның  қойылған сауалдарына жауап берді. Жарыстың көркін келтіріп, таза ауада тыныстап, бойымыз серігіп, рухани  демалыс  болды.

Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған