Түлбаев атындағы мешіттегі құран жарысы

Қасиетті Рамазан айында  Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилмановтың бастамасымен 

Құран Кәрімнің 30 парасының шәмс сүресінен төмен  жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сайыс өтті.

Сайыста Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Серік Мұстафин сөз алып, Рамазан айымен құттықтап, жарысқа қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Орал медресеснің ұстазы Ораз Жамбылұлы, Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің ұстазы Ринад Нұрланұлы, аталмыш мешіттің ұстазы Армат Қуанұлы мен Серік Мұстафин қазылық етті.

Құран сайысына жамағаттың Құран жаттауға деген қызығушлықтарын арттырып, асыл дінімізді дәріптеп, имандылық жолын насихаттап, шәкірттер арасында үлкенді-кішілі сайыстарды жиі ұйымдастыруға ден қойған.

Жеңімпаздарға қаржылай  сыйлықтар мен марапаттамалар берілді.

Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған