Сырым ауданындағы рухани кеш

Жақында  Сырым аудандындық мешітінде Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы, Индия елінің Лакхау қаласының Ханафи университетінің түлегі, ЖАНТ мүшесі, жерлесіміз Алтынбек Хусайнов пен Ақтөбе қаласындығы көне тарихы бар орталық мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Амантай Садиев арнайы келді.

Құптан намазына жиналған жамағаттың жиналғаны ұстаздарымызды қатты таңқалдырып, куантқаны да рас. Ең алғаш сөзді Сырым мешітінің бас имамы Алишер Ералиев сөз алып « Батырлығымен де шешендігіменде қалың жұртқа аты шыққан Сырым еліне қош келдіңіздер! Жамағаттың бір ауыз сөзін жерге тастамай осы елге ат басын бұрғандарыңызға жамағат атынан мың алғысымды білдіремін»,-деп алғысын білдіре кетіп сөз легін ұстаздарға ұсынды.

Алғашқы болып Амантай ұстазымыз өз уағыз-насихатын жамағатқа айтып кезекті Алтынбек ұстазымызға берді. Алтынбек ұстазымызда өз насхатында жамағатты ауызбіршілікке, білім алуға шақырды.

Жиында ұстаздарымыз бен жамағатқа арналып жайылған дастархан жалғасты.

Сырым аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған