Сырым ауданындағы білім сайысы

Мәуліт мерекесіне орай Сырым аудандық мұсылмандар  мешітінің бастамасымен «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Оқы, Жаратқан раббыңның атымен оқы» атты білім сайысы болып өтті.

Сайыс бес кезең бойынша  жамағат  арасында тартысты өтті. Таныстыру, азан айту, сүре оқу, пайғамбар өмірін баяндау,  мақал-мәтел түсіндіру болды. Тартысты сайысты қазылық жасаған арнайы Сырым жамағатымен  кездесуге келген ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат  Жакенов және аудандық мешітінің бас имамы Алишер Ералиев қазылық етті.

Сайыс нәтижесінде 1 орынды Д.Мағрашев, 2 орынды Т.Ғаббасов, 3 орынды А. Бисенғалиев еншіледі.

Шара соңында Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға алғыс білдіріп, сыйлық пен арнайы  диплом табыс етті.

Одан кейін аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

 Сырым аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған