Ұстазға құрмет

Ислам дінінде ілім үйретуші ұстаздың орны жоғары. Ілім үйрету – ең сауапты әрі қадірлі іс. Қасиетті Құранда: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят), – делініп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, хадистерде де ілім үйретушіні әрдайым сыйлап, құрметтеу керектігі ескертілген.

Имам Ағзам Әбу Ханифа бір сөзінде: «Ұстазым Хаммад ибн Сүләймәнның үйі менің үйімнен жеті Көше ұзақтықта орналасқан. Бұған қарамастан ешқашан ұстазымның үйіне қарай аяғымды созған емеспін», – дей отырып, ұстазға деген құрметтің үздік үлгісін көрсеткен еді. Сонымен қатар,

Әбу Ханифа: «Ұстазым Хаммад қайтыс болғаннан бері, әр намазымда әке-шешеммен бірге оған да дұға етемін. Алладан оның күнәлары болса, кешіруін тілеймін…» деген.

Әр мұсылманға ілім үйренуді парыз еткен Ислам дінінде ұстазға деген құрмет жоғары.

Облысымызда діни ілім үйретіп жүрген медресе ұстаздарының қатары да көбейіп келеді. Биылғы жылы Ұстаздардың төл мерекесіне орай Орал орталық мештінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы медресе ұстаздарына құрмет көрсетіп, дастархан жайды.

Ұстазға құрмет көрсету қастерлі борыш

  ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған