Шаңырақ командасы үздік

Шаңырақ жасөспірімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан намазхан балалардан құрылған «Шаңырақ» футбол командасы Орал қаласында орналасқан мешіттердің имамдарымен футболдан достық кездесу өткізді.Ойын барысы өте қызу да, қызықты өтті.

Бұл достық ойынның мақсаты жасөспірім жастарды салауатты өмір салтына шақыру, Ислам діні ұстанып жүрген жастардың имамдармен тығыз қарым-қатынас орнату, танысу.

Бір ескерте кететін жәйт, «Шаңырақ» командасы «Тәжиден Батырұлы» мешітінің тікелей қолдауымен 2019-2020 футзалдық лигада үздік өнер көрсетіп келе жатқандардың бірі. Қазіргі таңда топ жарып, бірінші орында.

Ендеше, «Шаңырақ» командасына сәттілік тілеп,жеңістері болсын!

Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған