СЕНБІЛІК БОЛЫП ӨТТІ

-Тазалық – аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Тазалық – денсаулық кепілі деген ізгі ниетті басшылыққа алған Зеленов аудандық мешітінің бас имамы Бағдат Русланұлының бастамасымен, мешіт жамағатының қолдауымен  сауабы мол сенбілік жұмыстарын ұйымдастарды. Сондай бір игілікті істі бас имам мен  мешіт жамағаттары белсене қатысты.

– “Тазалық – иманның жартысы” деген хадисті ту еткен қазақ қоғамында қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының борышы болып саналады. Сондай-ақ, жалпы тазалық жан-жақты адам өмірін, бақытын, болашағын, ақыретін, имандылығы мен адамгершілік, сұлулық сияқты көптеген адам өміріне тән тармақтарды қамтиды. Оның үстіне Алланың жердегі үйін абаттандыру – мұсылман жамағаты үшін сауабы мол амалдардың бірі. Осыны, терең түсінген мешіт жамағаттары “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей мешітте өткен игі шараны бір атаның баласындай бірлесе атқарды.

Бұл мұсылман жамағаты үшін сауапты іс. Сонымен қатар, мешітіміздің таза тұруы өзімізге де жақсы. Халық даналығы “таза болса табиғат, аман болар адамзат” деп бекер айтпаған. Мұндай иігілікті жұмыстар алдағы уақытта да ұйымдастырылады. Сенбілікке жиналған жамағатқа алғысымды білдіремін,”- деді бас имам.

– Тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі ретінде қарап түсінуіміз қажет. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Мешіттің ұйымдастырумен ақдастархан жайылып, сенбілікке қатысқан жамағатқа құрмет көрсетіліп, ғибратты толы уағыз айтылды.

– Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу береді. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатысамыз деп тарасты сенбілікке жиналған жамағат.

Осындай игі шаралар аудан, ауыл көлемінде өз жалғасын табуда.

Зеленов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған