Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Бүгін, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев пен облыстық мешіттің наиб имамдары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, Құран бағыштап, дұға жасады.

Дұға жасау рәсімінде бас имам елдің ертеңі үшін шейіт болғандардың рухтары пейіште шалқып, Алла рақымына бөленсін деп тілек тіледі. Сондай-ақ, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға етті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған