Құс фабрикасына халал сертификаты берілді

Батыс Қазақстан  облысы, Орал қаласында орналасқан «Жайық ет» ЖШС құс фабрикасы «Халал Даму» ЖШС сертификатын алды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев пен «Халал Даму» ЖШС-нің облыстағы өкілі Асхат Асылбекұлы арнайы барып, сертификатты ұжым алдында табыстап, жұмыстарына береке тіледі.

Фабрика тәулігіне 1000 астам  тауық союға қауқарлы. ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС тауық еттеріне арналған стандарттарды негізге ала отырып, балапан күнінен бастап сою аралығында берілетін қорегі, шариғат талаптарына сай қолмен сойылуы, қанның құс денесінен толық ағуы, нәжістен толық арылтуы, етті өңдеу кезіндегі температуралық режимді сақтау сынды т.б. талаптардың қатаң сақталуын бақылауға алып отыр.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған