Рухани шара

Кеше Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында мұсылман қауымының ұлық мейрамының бірі – Ораза Айт мерекесінің құрметіне арналып “Қош келдің, Ораза Айт!” атты  рухани шара өтті. 

Шараны Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Ә.Раманқұлов құран оқып бастады. Республикалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген облысымыздың мақтаныштары Д.Есентеміров, А.Хайырханов, Ф.Оразов,  Т.Жауымбаевтар патриоттық тақырыпта әндер шырқап,  насихатқа толы жыр- термелер орындаса, “Серілер”  фольклорлық тобы күйді күмбірлетті.

Т.Мықи мен О.Меңдіқұлов имани тақырыпта жыр оқып,  көпшілікке ой салды.

Биылғы Рамазан айымен осылай қимай қоштастық!

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған